Жемқор шенеуніктерден қайтарылған ақша мектеп құрылысына жұмсалады

804

0

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан алынған ақшаның Қаржы министрлігінің арнайы шотына аударылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекетке 120 миллиард теңге қайтарылған және ол қаражат мектеп құрылысына жұмсалады.

«Қазір шотта 120 миллиард теңге тұр. Біз бұл ақшаға жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектептерді жөндеуден өткіземіз. Осы бойынша үш ауысымды мектептерді, бірінші кезекте жөнделу керек мектептерді және жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған мектептерді қарастырамыз. Біз әзірге Білім министрлігінен арнайы өтінімдерді күтіп отырмыз. Қазір өтінімдерді қабылдау процесі жүріп жатыр. Содан кейін оларды республикалық бюджет комиссиясына ұсынып, ақшаны өңірлерге жібереміз», деді Қаржы министрі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа Жолдауында жемқор шенеуніктерден алынған ақша мектеп салуға жұмсалатынын айтқан.

«Мектеп құрылысы Үкімет пен әкімдіктердің басты міндеттерінің біріне айналуы тиіс», деген болатын Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<