Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың пилоттық платформасы іске қосылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады. Өтініштер 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz ресми сайтында қабылданады. Өтінім беру үшін өтініш берушінің компьютері, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭСҚ), интернет болуы керек, сондай-ақ автокөлік өндірушілерімен алдын ала келісуі қажет. Платформаға Қазақстан аумағынан ғана тіркелу мүмкіндігі бар.
Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Гаппаровтың айтуынша, өтінім беруші бағдарлама шеңберінде бұрын автонесие алған болса немесе платформада өзекті өтінімі болған жағдайда өтінім қабылданбайды.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:
– қаржыландыру сомасы
– 10 миллион теңгеден аспайды;
– қаржыландыру мерзімі
– 7 жылдан аспайды;
– бастапқы жарна
– 0 пайыз;
– 1 автокөліктің құны
– 15 миллион теңгеден аспауы керек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<