Жеңіс Қасымбек менің талабыма сай келетін әкім — Президент

4

0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысына қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Сөз арасында Президент әкім Жеңіс Қасымбектің жұмысына оң баға берді.

— Айта кету керек, әкім Жеңіс Қасымбектің бойынан менің не қалайтынымды, не талап ететінімді нақты түсінген адамды таптым, — деді Мемлекет басшысы.

Осыдан бұрын Тоқаев астанада ауызсу мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. 

Сонымен қатар Президент мектеп құрылысы бойынша мемлекет-жеке меншік серіктестігін жетілдіруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада жол-көлік оқиғаларының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.

Айта кетейік, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ-та және әлеуметтік желілерде таралған қызметтен кететіні туралы қауесетке қатысты түсінік бергенін жазғанбыз.