«Жер аманаты» жобасы жемісті нәтиже беруде

601

0

Заңсыз бөлінген немесе пайдаланылмай жатқан жер мен жайылымды мемлекет меншігіне қайтару – партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі.

Осыған орай партияның «Жер аманаты» комиссиясы  жыл соңына дейін 21,3 мың гектар жерді қайтару үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«AMANAT»-тың басты міндеттерінің бірі – қайтарылған жердің халық арасында әділ бөлінуіне бақылауды қамтамасыз ету, жер қатынастары мәселесінде заңдылық пен әділдікті қайтару.  Осы орайда есепті кезеңде аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының барлығы 6 отырысы өтті, оның 5-еуі көшпелі форматта ұйымдастырылды. Комиссиясы отырыстарының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 8 ұсыныс жолданып, оның барлығы шешімін тапты. Сондай-ақ биыл азаматтардан аймақтық комиссияға 21 өтініш келіп түсіп, оның барлығы бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері  «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының тікелей қатысуымен 178,7мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 155,8 мың гектары жайылымдық жерлер, 1,1 мың га егістік жерлер болса 21,8 мың га басқа алқаптар. (Арал ауданы – 18933 га, Қазалы ауданы – 31489 га, Қармақшы ауданы – 20880 га, Жалағаш ауданы – 14573 га, Сырдария ауданы – 29411,3 га, Шиелі ауданы – 14345,5 га, Жаңақорған ауданы – 6190 га, Қызылорда қаласы – 2029,5 га.).

2022 жылы 150 мың гектар жерді қайтару жоспарланып, жыл соңына нақты 157,9 мың га қайтарылған болатын. Ондағы 19,8 мың га ауыл шаруашылығы айналымына қайта алынып,  шаруашылық жүргізу мақсатында берілді. 19,2мың га ағымдағы жыл соңына дейін конкурсқа шығару жоспарлануда, 18,9 мың га елді мекеннің жайылымы үшін бекітіп берілуде, қалған 100,0 мың га арнайы жер қорына өтті.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар жер мәселесін жедел шешу үшін «AMANAT» партиясының «жедел желісіне» 8 800 080 44 41 телефон нөміріне арқылы барлық заң бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<