2018 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов айтып берді.
Қабылданған Заңмен қарастырылады:
– қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру;
– жалға берілетін ауыл шаруашылығыжерлерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеу;
– шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беруге талаптарды күшейту;
-тұрғындардың жайылымдық алқаптарға қажеттілігін қамтамасыз ету;
– жеке тұрғын үй құрылысы үшінжер учаскелерін беруді мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу қарастырылған.
Заң, ең алдымен қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және ары қарай жетілдіруге бағытталған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<