Америкалық климатологтар ЖИ көмегімен Жер климатының ең көп талап етілген 10 моделін біріктіріп, 2060 жылға қарай планетаның бірқатар аймағында температура 3 градус Цельсийге көтеріледі деген қорытындыға келді. Бұл туралы Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдардың болжамы Environmental Research Letters журналына жарияланды.
— Жаһандық жылынуды талдау кезінде өзгерістердің жалпы көрінісін ғана емес, сонымен бірге әлемнің жекелеген аймақтарына қалай әсер ететінін де ескеру қажет. Мұндай бағалаудың климаттың өзгеруінің қоғам мен экожүйелер үшін салдарын дұрыс болжау үшін өте маңызды, — деп келтірді журналдың баспасөз қызметі Стэнфорд университетінің профессоры Ной Диффенбо сөздерін.
Профессор Диффенбо, Колорадо штаты университетінің профессоры Элизабет Барнс және Цюрих Жоғары политехникалық мектебінің профессоры Соня Сеневиратне бірнеше жыл бойы Жер климатының алдағы онжылдықтар мен ғасырларда қалай өзгеретіні туралы болжам жасау үшін машиналық оқыту әдістерін қолданып бірнеше жыл жұмыс істеп жатыр.
Ғалымдар осы тәсілдерді қолдана отырып, ғаламшардың температурасы алдағы уақытта, 2030-шы жылдардың ортасы мен 2040–2050 жылдар аралығында Париж климаттық келісімінде межеленген көрсеткіштен Цельсий бойынша 1,5 және 2 градус жоғары көтерілетінін анықтады.
Бұл жаңалық зерттеушілерді аймақтық деңгейде планета климатының сол уақыт аралығында қалай өзгеретінін зерттеуге түрткі болды.
Бұл үшін ғалымдар жер бетіндегі 34 ірі климаттық аймақты анықтап және ең танымал 10 климаттық модельді пайдалана отырып, олардың аумағындағы температураның алдағы бірнеше онжылдықта қалай өзгеретінін есептеді. Зерттеушілер өздері жасаған нейро желіні пайдаланып, осы есептеулердің нәтижелерін өңдеп, біріктірді, бұл оларға климаттың өзгеруі туралы аймақтық болжамдардың дәлдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Диффенбо, Барнс және Сеневиратнедің атап өтуінше, температура әсіресе тез ғаламшарда ең тығыз қоныстанған климаттық аймақтарда, соның ішінде Оңтүстік Азия, Жерорта теңізі, Орталық Еуропа және Сахараның оңтүстігіндегі Африка бөліктерінде көтеріледі. Бұл Жердің осы бөліктеріндегі климаттың күтпеген жылдам өзгеруіне дайындалу қажеттілігін, сонымен қатар жаһандық жылынуға қарсы күресті күшейтудің маңыздылығын көрсетеді, деп қорытындылады зерттеушілер.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<