Фото: ашық дереккөз
Желіде жер сілкінісі кезінде тоңазытқыш адам өмірін құтқара алатыны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламада тоңазытқыштар жоғарыдан құлаған ауыр бетондарды ұстап тұрғаны айтылады.
«Біздің Түркиядағы ТЖ қызметкерлері жер сілкінісі болған жағдайда ең қауіпсіз жер тоңазытқыштың жаны (көбісі аман қалған) екенін айтады», – делінген WhatsApp желісінде тараған хат мәтінінде.
«Міне, нұсқаулардың бірі: тоңазытқыштың маңайы – қауіпсіз жер. Мен, әрине, тоңазытқыштың жаны ең қауіпсіз деп айтпаймын, бірақ қанша пәтерді қарадық – бәрінде төбені тоңазытқыш көтеріп тұр. Түсіндіңіз бе? Тоңазытқыш майысып қалмайды. Содан кейін тоңазытқышта тамақ пен су – барлық қажетті бар. Мен әлі осындай 500 кадр түсіре аламын. Қайда барсаңыз да – барлық жерде осындай жағдай. Ол қалай да жаншылып қалмайды. Маған қызығы, оның үстінде 10-15 қабат плитка жатыр, бірақ ол ұстап тұр», – дейді аудио-хабарламада ер адамның дауысы.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық құтқарушылар бұл ақпаратты растай алмағанын хабарлады.
«Біз жігіттерімізден – қазір сол жерде (Түркияда – авт.еск.) жұмыс істеп жатқан құтқарушылардан сұрадық. Олар мұндайды көрмеген. Бәлкім, бұл басқа аймақтарда түсірілген суреттер шығар. Сондықтан бұл ақпаратты растай да, жоққа шығара да алмаймыз», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<