Әлеуметтік желілерде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары қирады деген ақпарат шықты.
Университеттің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
«ҚазҰУ-дың жатақханалары, оның ішінде N6, 8 жатақханалардың қирауы мен қаза тапқандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаза тапқандар мен жатақхана қираған оқиға болған жоқ», — делінеді ҚазҰУ таратқан хабарламада.
Алматыдағы студенттік жатақханаларда жағдай тұрақты екенін министрлік те хабарлады.
«Университет жатақханаларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Студенттер де дін аман.
Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз», — делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.
Еске салайық, қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұр. Көбінесе бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер мен университеттер.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<