Жер заңнамалары түсіндіріледі

284

0

Жер заңнамалары түсіндіріледі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдар бизнес, шаруашылықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Шара Қызылорда облысында:

– 7 маусым күні сағат 16.00-де Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28 мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасы ғимаратының 2-қабатында, мәжіліс залында;

– 8 маусым күні сағат 11.00-де Шиелі кентіндегі аудандық мәдениет үйінде;

– 8 маусым күні сағат 16.00-де Жаңақорған кентіндегі аудандық мәдениет үйінде өткізіледі.

Барлық қатысуға ниет білдіруші кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 40-09-81 /ішкі 4327/ байланыс телефоны арқылы жауапты маман Гаухар Елеусіноваға хабарласуға болады.

Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<