Жерар Депардье жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды

414

0

Фото: РИА Новости/Рамиль Ситдиков

Франциялық актер Жерар Депардье сексуалды зорлық көрсетті деген айыппен жауап алу үшін Парижге шақырылды, деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Танымал актер екі әйелге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыптар бойынша жауапқа тартылып жатыр.

Бірінші оқиға 2014 жылы «Сиқыршы және сиамдықтар» фильмінің түсірілім алаңында, ал екіншісі 2021 жылы «Жасыл қақпалар» фильмінің түсірілім алаңында болғаны атап өтілді.

Депардье өзіне тағылған бүкіл айыпты жоққа шығарып отыр. 

Ақпан айында актерге сексуалды қысым жасады деген айып тағылған болатын.

53 жастағы Амели актердің оны 2021 жылы ұстап алып, кеудесіне қолын тигізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл «Жасыл қақпалар» фильмінің түсірілімі кезінде болған. Ол Париж прокуратурасына шағым түсірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<