Жерді лазерлік тегістеу – заманауи егіншіліктің тиімді шешімі

8

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Лазерлік тегістеу – егістік алқаптың жер бедерін жоғары дәлдікпен тегістеуге мүмкіндік беретін озық технология. Бұл әдіс арнайы лазерлік құрылғылар мен автоматтандырылған техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Нәтижесінде жер беті мінсіз деңгейде тегістеліп, су ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашылады.

Бүгінде бұл технология су тапшылығы өзекті болып отырған өңірлер үшін аса маңызды. Себебі, тегістелген алқапта су біркелкі таралып, әрбір дақыл қажетті мөлшерде ылғал алады. Бұл өз кезегінде егін өнімділігін арттырып, шығынды азайтады.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 10 000 гектар жер лазерлік тегістеуден өткізілуде. Бұл жұмыстарға заманауи 45 дана лазерлік тегістегіш техника жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңа технологияны кеңінен енгізу арқылы өндіріс тиімділігін арттыруда.

Жерді лазерлік тегістеу – жоғары өнімділікке қол жеткізудің, су ресурстарын үнемдеудің және аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Дұрыс тегістелген алқап – мол өнім мен үнемділіктің кепілі.

Қазіргі таңда лазерлік тегістеу технологиясы – фермерлер үшін табысты арттырудың, шығынды азайтудың және заманауи егіншілікті дамытуға бағытталған сенімді шешімдердің бірі.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі