Жергілікті өнімге сұраныс жоғары

576

0

Биыл өңірде жаңадан ашылған «Танкаман» ЖШС өндіріс цехы 100 пайыз табиғи сүт өнімдерін өндіруде. «Auylym» маркасындағы 20 балмұздақтың түрі тұрғындарға қол жетімді бағада ұсынылуда. Оның ішінде классикалық нұсқадағы – пломбир және кілегейлі балмұздақтар, сонымен қатар манго, ананас, киви, құлпынай, қауын, орео, кофе, пісте және тағы басқа түрлері өндірілуде. Кәсіпкердің айтуынша, цехта айына бір тоннадан астам тәтті балмұздақ шығарылады. Сондай-ақ, мұнда 15-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Танкаман» ЖШС-нің атқарушы директоры Фараби Бауыржанов мәлімдеді.

– Тіл үйірер тәтті балмұздақты шығару үшін толықтай жоғары сападағы Италиялық технологияларды пайдаланамыз. Сол себепті сапалы өнім өндіру үшін арнайы лаборатория жасақталды. Өндірістегі сүт өнімдері өзімізде әзірленгендіктен 100 пайыз табиғи таза өнім болып саналады. Балмұздақтар сапасына қарай тұрғындарға тиімді бағада ұсынылуда. Әзірге жергілікті өнімдер облыс көлемін қамтыса, келесі жылдан бастап басқа өңірлерге жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта сүт өнімдерімен бірге шұжық шығаруды да қолға алмақпыз, – деді Фараби Бауыржанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<