Жерлестеріміз жылдың үздік оқытушылары атанды

229

0

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурсқа республикамыздың 80 жоғары оқу орындарынан 481 үміткер қатысты. Нәтижесінде еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. Оның ішінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің оқытушылары Ләззат Шілдебаева мен Аңғысын Сейтмұратовтар да бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<