ҚР Ұлттық банкі Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өту шеңберінде 11 қарашадан бастап осы тақырыпта үздік бейнеленген монеталардың ашық конкурсын жариялады. «Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Конкурстық материалдар 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды. Қорытынды 2019 жылдың 2 желтоқсанында шығарылады», – делінген ҰБ ақпаратында.
Жеңіс монетасын жаса: Ұлттық банк ашық конкурс жариялады
12.11.2019
271
0





