Жетісу облысында жол бойында жолбарыс жүргені рас па (видео)

208

0

Фото: видеодан алынған кадр

Кеше әлеуметтік желіге Жетісу облысы Ақсу ауданы аумағында жыртқыш аң жүргені жайлы жазба жарияланған. Аудандық әкімдіктегілер жауап берді.

Елді дүрліктірген жазба TikTok, Instagram желілеріне тарады. Онда жол бойындағы жолбарысты Жансүгір ауылы мен Суықсай ауылдарының ортасында жүр деп жариялаған.

Ақсу ауданы әкімдігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жалған ақпарат таратушы анықталып жатыр.

— Әлеуметтік желілерде Суықсай-Жансүгіров ауылдарының арасында жүрген жыртқыш аң туралы жарияланған видео бойынша аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақсу ауданы Суықсай ауылының аумағында сирек кездесетін жыртқыш аңның жоқ екендігін хабарлайды. Дүрлігуге ешқандай негіз жоқ. Жалған ақпарат таратқандар анықталып жатыр, — дейді Ақсу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық бұған дейін Алтынемел ұлттық паркіне әкелінген 30 құланның саны 3600-ге жеткенін және «Іле-Балқаш» резерватында екі жолбарыстың жерсіндіріліп жатқанын жазғанбыз. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<