Жеуге жарамды ас үй құралдары

594

0

Шиелі ауданының тұрғыны Жамбыл Қожахметов пластик қасықтың орнына жеуге жарамды ас үй құралдарын шығара бастады. Яғни тамақ ішіп болған соң қасықты жеп қоюыңызға болады. Бұл идеяны кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қайтарымсыз гранттың арқасында жүзеге асырды.

Цех айына 10 мың шыныаяқтар, 2000 табақша, 3000 сорпа ыдысын шығарады. Оны дайындауда кәдімгі ұн мен жұмыртқа қолданады. Дәмін келтіру үшін әр түрлі қоспалар да қосылады екен. Кәсіпкер тек осымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта жеуге жарамды қасықтар, шанышқылар шығармақ.

– Жеуге жарамды ыдыс – бұл табиғи ингредиенттерден жасалған өнім: жұмыртқа, ұн және әр түрлі қоспалар. Біздің ыдыспен сіз кез-келген жұмсақ тағамды (мысалы, сорпа немесе ботқа) шамамен он минут жей аласыз, содан кейін оны өзіңіз жей аласыз. Бірінші партияда стандартты шыныаяқтар болды. Рецепт пен пісіруге арналған дұрыс пішінді табу алты айдан астам уақытты қажет етті. Рецепт ұзақ уақыт бойы сынақ пен қателік арқылы дүниеге келді: қамыры майлы емес, бірақ өте құрғақ та емес. Шыныаяқтар әдемі және дәмді ғана емес, сонымен қатар берік болуы керек, бірнеше күннен кейін нан сияқты төгілмеуі керек, – деді Ж.Қожахметов.

Жеуге жарамды ыдыс сұйықтықтар мен жылудың әсеріне төзімді. Суық тағамдармен түйісуде өзінің қасиеттерін одан да ұзақ сақтайды.

Еуропалық өндірушілер мұндай өнімдерді түрлі дәмімен ұсынады. Десерттерге арналған шоколад, ваниль немесе құлпынай, ыстық тағамдарға арналған шөптер немесе дәмдеуіштер қосуға болады. Жеңіл тамақтар мен десерттер үшін жеуге жарамды стақандар қолдануға болады.

– 2021 жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Осы қаражаттың арқасында өз идеямды жүзеге асыра алдым. Мұндай өнімдер сұранысқа ие, Ресейде өндірушілер арасында бәсекелестік бар болғанымен, бағасы қымбат. Сондықтан, бұрын Ресейден тапсырыс бергендер, қазір тікелей бізден алады. Цех автоматтандырылған, тәулігіне 24 сағат, жыл бойы ыдыс-аяқ шығаруға мүмкіндік бар. Және көп жұмысшыларды қажет етпейді. Ресей Федерациясында серіктестерімен бірге арнайы оқу-семинарларға қатыстық. Цех осы жақында іске қосылды. Көптеген жоспарлар бар, өндірісті кеңейту, шығарылатын өнімнің түрін арттыру, сондай-ақ болашақта эко-ыдыстарды (жеуге жарамсыз) іске қосу, – деді кәсіпкер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<