Жезқазған-Қызылорда тасжолында 75 көлікке көмек көрсетілді

515

0

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Күн райының күрт жылынуы салдарынан Жезқазған-Қызылорда автожолында көліктердің жол жүруі қиындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлытау облысының автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, 10 наурызда сағат 12-ге дейін барлығы 75 көлік балшықтан шығарылған. Оның ішінде 1 автобус, 10 жүк көлігі және 36 шағын автобус пен 28 жеңіл көлікке көмек көрсетілген. Ол көліктерде барлығы 350 адам, оның ішінде 22 бала болған.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жолдағы құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған. 

Жезқазған-Қызылорда тас жолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін қайта жөндеу бойынша қазіргі таңда ҚР Көлік министрлігі тарапынан конкурстық рәсімдер өтіп жатқанын, жол жөндеу жұмыстары биыл басталатынын еске саламыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<