Жезқазған-Қызылорда тасжолында тоқтатылған көліктен атылған киік табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Киік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жезқазған-Қызылорда тасжолының бойында күдік тудырған автокөлікті байқайды.
«Лада» маркалы автокөлікті тексеру барысында жүксалғышынан атылған киік табылады. Көлік жүргізушісі облыстың 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<