Жұлдыздары жарқырады

376

0

Жұлдыздары жарқырады Астана қаласында көркем гимнастикадан  халықаралық «Жұлдыз» турнирі өтті. Алты мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен қатысқан дүбірлі бәсекеде жерлестеріміз үздік өнер көрсетті.

2011 жылы туылған гимнастшылар арасында Айша Сұлтан халықаралық турнир жеңімпазы атанса, Айна Ақпанбет күміс жүлдені иеленді.

Топтық сайыста Айша Сұлтан, Айнера Ерболат, Бағыжан Қайырберген Аяла Нұрсұлтан және Айша Асылбек өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болды.

Гимнастшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан дайындады.

Айта кетейік, 2 маусым күні сағат 11.00-де «Мұз айдыны» СК гимнастика залында балаларды қорғау күніне арналған қызылордалық жас гимнастшылардың көрсетілімі болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<