
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, жолда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында боран болады. Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында күндіз желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<