Жұмыла күресуге шақырды

308

0

Жұмыла күресуге шақырды «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өз жұмысшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында дайындалған арнайы тақырыптық бейнероликтерді асханаларда көрсетуді бастады. Мұндай бейнероликтер «Құмкөл» және «Арысқұм» мұнай кен орындарында теледидар арқылы жұмысшыларына тұрақты түрде көрсетуді жоспарлап отыр.

Компания басшылығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлермен мұнай кеніштерінде кездесулер өткізіп, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенділік көрсетуге шақырды.

Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің зардаптары мен жауапкершілігі туралы айтылып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы кеңінен түсіндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<