Жұмысшылардың жаппай улануының себебі анықталды

328

0

Жұмысшылардың жаппай улануының себебі анықталды Атырауда Теңіз кен орнындағы «Болашақ» вахта кентінде жұмысшылардың жаппай улану жағдайын тексеру аяқталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тексеру барысында Теңіз кен орнында «Болашақ» вахталық кентінде жұмысшылар асханадан тамақтанған соң жаппай уланған. Барлығы 28 адам зардап шеккен. Оның 24-і Жылыой аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылса, төртеуі – вахталық кенттегі ТШО клиникасына орналастырылды. Қазіргі таңда олардың барлығы сауығып, медициналық мекемеден шығарылды және жұмыстарына кірісті. Басты себеп – асханада санитарлық қауіпсіздік нормаларының сақталмауы. Зертханалық талдау адамдардың сальмонеллез салдарынан уланғанын көрсетті.
«Тексеру барысында анықталғандай, «Монтажспецстрой» компаниясының жұмысшыларын тамақтандырған кейтерингтік компания санитарлық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысынсыз заңсыз тамақтандыру қызметін көрсеткен. Анықталған заң бұзушылықар бойынша барлық материалдар Жылыой АІІБ-ге берілді», – деп хабарлады Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уаисов.
Еске салайық, 16 қазанда «Болашақ» вахталық кентіндегі асханалардың бірінде кешкі астан кейін жаппай улану жағдайы тіркелген еді.