Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

208

0

Орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Әлімханұлының менеджері Эгис Климас Instagram парақшасында спортшының наурызда рингке оралатынын жазды:
«Біз рингке наурызда ораламыз, анонстар мен жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар», – деп жазды Klimas Management басшысы.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы айқасын 9 қарашада Калифорния штатындағы Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық титулын қорғап шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<