ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

532

0

ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қалалық білім бөлімінің бірлескен жұмыс жоспары негізінде қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына деструктивтік ағымдардың қауіптілігі түсіндірілуде. 

Орталықтың теолог мамандары білім ұяларында жиын өткізіп, жастардың жат ағымдарға деген иммунитетін қалыптастырып, олардың діни сауаттылығын арттыруға күш салуда. Осындай жиындардың кезекті легі №1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп гимназиясы мен №2 «Мұрагер» мектебінде өтті. Жоғарғы сынып оқушыларымен кездескен Қалалық білім бөлімінің маманы Гауһар Құдайбергенова, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дәріскері Жарқынбек Қарғабаев, «Жастар ресурстық орталығының» маманы Әділ Ыбрахим жасөсіпірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, рухани әлсіздіктің алдын алу, қылмыстық пен құқық бұзушылықты болдырмау және жат ағымдардан сақтану мәселелері бойынша баяндама жасады. Кездесуде жастар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, шара еркін пікір алмасу түрінде өрбіді.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының баспасөз қызметі

ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<