Жөндеу жұмыстарына жиналған ақша ата-аналарға қайтарылды

711

0

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы мектеп оқушылары ата-аналарының чатынан аудиожазба тарап жатыр. Онда әйел сыныпқа жөндеу жұмыстарына жиналып жатқан ақшаны тездетіп беруді сұрайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиожазбамен қоса 11 адамның тізімі жарияланды, оған қарама-қарсы 2 мың теңге деп көрсетілген. Ал тізім үстінде «Ремонтқа 6 Ә сынып» деп тұр.

«Қыздар, жөндеу жұмыстарының ақшасы не болып кетті? Әлі жинамадыңдар ғой. 20-сы болды. Екі ай бұрын айтып отырғанмын. Қыздар кешікпей ақша салып жіберіңдер. Ертең ремонт басталғанда мен ақша таппай қалып отырмайыншы», – дейді аудиодағы әйел. 

Алайда Еңбекшіқазақ ауданының білім беру бөлімінің өкілдері мекемелерді жөндеуге қажетті құрылыс материалдары толығымен сатып алынып, мектептер бойынша таратылғанын хабарлады.

«Аудиожазбадағы 6 Б сыныбының ата-аналар комитеті өкілінің дауысы. Ата-аналар сынып жетекшісіне ескертпей № 19 кабинеттегі линолеумды ауыстыру үшін өздері ақша жинағаны анықталды. Қазіргі уақытта ата-аналар комитеті тарапынан 11 ата-анадан жиналған 22 000 теңге қайтарылды», – деп хабарлады ведомстводағылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<