Қостанай облысында жоғалып кеткен бес жастағы қызды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оны соңғы рет көрген куәгерлер табылды.
Соған ұқсас қыздың видеосы Instagram-дағы kostanay_news парақшасына жарияланды.
Қызды іздестіру шараларына 500-ден астам полиция қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Төрт дрон және төрт арнайы техника бірлігі пайдаланылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар іздестіру шараларына белсенді түрде көмек көрсетуде.
Бұған қоса іздеуге қосымша сегіз көлік пен 60 адам бөлінген. Олар баланы тасжолдарда, шаруа қожалықтарының аумақтарында, егіс алқаптарында, жыралардан іздеп жатыр.
Ал бүгін Instagram-ға қызға ұқсас баланың видеосы шықты. Қазір оның қай жерде түсірілгені анықталып жатыр.
Кеше сағат 9.00 шамасында қызды көргендерін растаған куәгерлер табылған. Олардың сөзі бейнебақылау камералары арқылы расталады.
Бес жастағы Мәдина Ерланқызы 7 тамызда жоғалып кеткен. Қыздың анасының айтуынша, 5 жастағы Мәдина 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қарауында болған. Таңертең қыздар оянғанда сіңлісін таппай қалған. Бүлдіршін терезеден шығып кеткен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<