Жоғалған қыз табылды

953

0

Құрметті әлеуметтілік желі қолданушылары!

Кеше, яғни 02.09.2022 жылы сағат 12:20-да сабағы аяқталып, мектептен шыққан соң үйіне келмеген С.Лапин атындағы №261 мектептің 11 сынып оқушысы Сәдірбекқызы Ақмарал бүгін түске дейін үйіне оралды.

Ақмарал кеше 12:20-да сабақ аяқталған соң қоғамдық көлікке мініп, үйіне қайтқан. Мұнан соң оқушының әкесі қызына хабарласқан кезде дүкенде тұрғанын айтып, сәлден соң үйіне оралатындығын жеткізген. Ақмаралдың айтуынша осы кезге дейін өзінің құрбысының үйінде болғандығын айтып, жоғалмағанын жеткізді.

Қазіргі таңда оқушының жағдайы жақсы, отбасының қасында екендігін хабарлаймыз!