Жоғарғы соттың бірқатар судьялары қызметінен босатылды

358

0

Фото: Kazinform

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«ҚР Жоғарғы сотының судьялары Ұлболсын Сүлейменованы, Сембек Баймахановты, Өміртай Ыбыраевты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Осы судьялар зейнет жасына жетті. Судьялардың бұл саладағы тәжірибесі мол. Олардың осы жұмыстағы еңбек өтілі 28 жылдан 37 жылға дейін қызмет еткен», – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, 2019 жылы Сембек Баймаханов Жоғарғы соттың судьясы лауазымына сайланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<