Жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

500

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 қыркүйекте аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов және Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.

Көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында бөлімнің күшейтілген түрде жұмыс атқарып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып, мерт қылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<