Жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

4

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында автожол саласын дамыту және Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды аудан көлемінде сапалы әрі мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

– Мемлекет басшысының, Үкімет басшысының және облыс әкімінің қолдауымен аудан аумағында жол құрылысы қарқынды жүргізіліп, елді мекендердің ішкі көшелері орташа және күрделі жөндеуден өткен болатын. Өткен жылы аудан бойынша жол саласына 9 жобаға 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, 12 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 17 көшеге қиыршық тас төселіп, 10,2 шақырым аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Қазіргі кезде жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алып, жобаларды мерзімінде әрі талапқа сай аяқтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі