Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

349

0

Өңірде жыл басынан бері «AMANAT» партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картаның орындалуы бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысында талқыланды.

Отырысқа партияның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, сонымен қатар жауапты басқарма басшылары қатысты.

Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

Жалпы Жол картаға мониторинг жүргізу алгоритміне сәйкес тоқсан сайын салалық басқарма басшыларының есебін тыңдау қарастырылған.

Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сүйенсек,

9 ай ішінде Қызылорда облысы бойынша 122 іс-шараның 43-і орындалған 72-і орындалу үстінде. Сонымен бірге жыл соңына дейін орындалмау қауіпі бар шаралар анықталмаған.

Қабылданған шаралар аясында ауыл шаруашылығы саласында газдандыру бойынша жалпы құны 8 337 млн. теңгені құрайтын 26 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні оның ішінен 2 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 3 елді мекен – Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің Махамбет елді мекені және Жаңақорған ауданының Ақүйік ауылдық округіндегі Бірлік және Қыраш ауылдық округіндегі Қызылмақташы елді мекендері газдандырылды. 219,7 км газ құбыры жүргізіліп, 12801 тұрғын «көгілдір отын» игілігін көруде. Жыл соңында 12 елді мекеннің яғни Төретам, Ақай, Махамбетов, Абай, Досан, Қалжан ахун, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Құттықожа, Шалқия, Кейден газдандыру жобасы аяқталып, 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.

Биылғы жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысының жоспары бүгінгі күнге 89,2% орындалып тұр. Инженерлік – инфрақұрылым жобаларын іске асыру артығымен орындалған.

Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

Спорт саласы бойынша 10 спорт кешеннің құрылысы жүргізіліп, бүгінгі күнге оның 5-еуі пайдалануға берілген. Қалған 5 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Білім саласында 2450 орындық 5 білім беру ұйымдарының ғимараттары пайдалануға берілді, оның ішінде Қызылорда қаласындағы 4 мектепке қосымша құрылысы және Қызылорда қаласы Жезқазған тас жолының бойында 600 орындық мектебі бар.

Денсаулық саласы бойынша өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылы 16, келер жылы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Қызылорда қаласында емханасы бар, көпбейінді аурухана, қан орталығы құрылыстары басталды және Сексеуіл кентінде аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, перинаталдық орталық және Арал ауданының ауруханасына жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылыстарының құжаттары әзірленуде. Жалпы Жол картада қамтылған ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқталатын барлық іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Фракция отырысында Жол картаның 2024 жылға қаржыландыру жағдайы пысықталып, индикатордың орындалуына жауапты фракция мүшелері мен басқарма басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<