Сырдарияда аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға, елді мекендердегі ішкі жолдардың үлесі 87 пайызға жетті.
– Жол саласына өткен жылы 1,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, барлығы 13 жоба бойынша ұзындығы 30 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді. Аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы және Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 12 көше күрделі жөндеуден өтті. Тереңөзек кенті, Жетікөл, Амангелді, Ақжарма ауылдарында 17 көшеге және Іңкәрдария ауылындағы «Мүлкілан баба» кесенесіне барар жолға аудандық бюджеттен 137 млн теңге бөлініп, қиыршық тас төселді.
Ауданда жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын 10 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Бүгінде Тереңөзек кенті мен Шаған ауылындағы 13 көшені күрделі жөндеуге 527 млн теңге бөлінді. Облыс әкімінің қолдауымен Тереңөзек кентіндегі заманауи талаптарға сай келетін темір жол вокзалының ғимараты жаңадан салынып жатқанын да айта кету керек. Құрылыс жұмыстары жақын айларда аяқталып, пайдалануға берілмек.
– Өткен жылы ауданда құрылыс, жол және коммуналдық сала бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Ауданда 27,7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, көрсеткіш 101,5 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28,5 млрд. теңгені құрап, 102 пайызға орындалды (2024 жылы – 24,7 млрд. теңге). Құны 186,5 млн теңгеге Нағи Ілиясов ауылында жаңа қоныстану аймағына инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізу басталды.
Сырдария ауданы әкімдігі






