Жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

253

0

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан. 
 «Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған», – деді департаменті өкілдері.  Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған.  Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<