Жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

4

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгінде Қазалы ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы ретте, аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентіндегі Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесінің бойында орналасқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің алдында жасанды жол кедергісі толықтай қайта жаңартылуда. Сонымен қатар, кенттегі М.Ғабдуллин және Желтоқсан көшесінің бойындағы №Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп жанына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – мектеп, балабақша аумағына жақын учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендетіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құрметті жүргізушілер!

Сіздерден аталған аумақтарда жол белгілеріне мұқият назар аударып, көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.

Алдағы уақытта аудан орталығы мен елді мекендерде қосымша жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Қазалы ауданы әкімдігі