Жол сақшысына дауыс көтерген жігітке сот үкім шығарды

402

0

Жол сақшысына дауыс көтерген жігітке сот үкім шығарды Сейсенбіде қалалық №2 сот ғимаратында брифинг өтті. Онда биылғы жылдың бірінші тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстар баяндалды. Осы кезге дейін сот өндірісіне 159 қылмыстық істер түскен. Оның ішінде қылмыс санатындағы – 122 іс, теріс қалық бойынша – 37 іс тіркелсе, өткен жылдан 55 қылмыстық іс қалдықта қалған. Жекеше айыптау тәртібімен 5 іс өндіріске қабылданған.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 214 адамға қатысты 175 іс қаралды. Оның ішінде сотталған 141 адамға, ақталған 3 адамға қатысты 117 іспен сот үкімі қабылданған. Ал 57 адам жөнінде 47 іс қаулымен өндірістен тоқтатылды. Аймақта өткен жылмен салыстырғанда татуласуға байланысты қысқартылған істердің саны артқан. Айталық, 2017 жылы 22 іс жәбірленушімен татуласуға байланысты қысқартылса, биыл 44 істің түйіні тарқатылған. Сондай-ақ, медиатордың қатысуымен 40 іс шешімін тапты.

– Осы кезге дейін 141 адам сотты болды, оның ішінде 33 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал 4 адам рақымшылық заңына сәйкес жаза өтеуден босатылды. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бір адамға 6 миллион теңге айыппұл салынды, − дейді судья Жакеева Жұлдыз.

Бірінші тоқсанда 3 қылмыстық іс ақталған. Атап айтсақ, Орынбай Ешпанов, Шайман Тотуева, Талғат Мамыков кінәсіз де танылды.

Ал қоғамда резонанс тудырған Айбек Күбілінің ісі ел есінде болар. Осы жылдың 7 ақпаны күні, сағат түнгі 3-тен өте дүкенге барған Айбек қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының полиция сержанты Н.Байхожаевқа соқтығысып кеткен. Айбек балағат сөздер айтып, дауыс көтерсе, жанындағы кәмелетке толмаған Е.Киікбай мұның барлығын бейнекамераға түсірген. Бүгінде Айбек Күбіліұлына сот үкімі шықты. Бір жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, 240 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<