Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

236

0

Фото: Сырдария қоғамдық даму бөлімі

Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Шұғыл түрде жөндеуді талап етіп келген аудан жолдарының жағдайы бүгінгі күні едәуір жақсы. Өзекті мәселені шешу үшін жыл сайын қаржы бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні, Қоғалыкөл елді мекеніндегі А.Құнанбаев, И.Мақсұм, Ә.Айзунов, А.Есмахов, Шымбай, С.Майқанова көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қызылорда жолдары» ЖШС-і 2,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Осындай игілікті іс ауданға қарасты ауылдарда да жалғасын табуда. Қалжан ахун елді мекеніндегі Қайқы батыр көшесіне және С.Сейфуллин елді мекендегі Қ.Әбдірей, Бәйтен батыр, Сәрке батыр, Е.Қосбармақұлы, Шортанбай би және А.Іскендіров көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдардың көркі ажарлана түсуде.

Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі Б.Момышұлы 7 және 8 көшелері, А.Байтұрсынов, А.Оразбаева, Ә.Таңсықбаев, Ақтам және Қ.Бөдеев көшесінің аяғы жөндеуден өткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<