Жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауда

600

0

Сырдария ауданындағы аудандық маңызы бар “Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі” автомобиль жолын орташа жөндеуге 2022-2023 жылдарға облыстық бюджеттен 311,0 млн теңге бөлініп, 2022 жылы жұмыстар басталып 6,0 км жөнделді.
Ағымдағы жылы 5,0 км жөнделетін болады.
Мердігер мекеме “Стройтельно-транспортная компания” ЖШС, техникалық қадағалаушы “Аймереке” ЖШС.
Бүгінгі күнге 1,2 км асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен жол-құрылыс материалдарын тиімді қолдану мақсатында “Ұлттық Жол активтер сапасы орталығы” РМК мекемесімен сынама алынып тексерілуде.

Жұмыстардың жоба бойынша атқарылуы, асфальт жабындысының ені мен қалыңдығы бойынша техникалық қадағалаушымен бірге жауапты мамандар күнделікті бақылауда.
Барлығы жобаға сәйкес атқарылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<