Қалаішілік қоғамдық көліктерде жолақысын төлемеу деректері бойынша рейд жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында «Қызылорда «Автобус паркі» мекемесінің қауіпсіздік қызметі бөлімінің маманы Ғалымжан Бектаев, «AlemРay» компаниясының бөлім басшысы мен бақылау контроллері, сондай-ақ, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Айбол Қабетов жолаушыларға қоғамдық көлікте төлем жасау тәртібін, жолақысын төлеуден жалтарудың заң алдында жауапкершілігі жайлы айтты.
Бұдан бөлек, билетсіз жүретін жолаушыларды күнделікті бақылау және тексеру жұмыстарын «AlemРay» компаниясының бақылау контроллері жүргізіп келеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622-бабының 2-тармағына сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтару секілді құқық бұзушылық үшін 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жол ақысын төлеуден жалтару серіктестіктің, айталық, автобустарға қосалқы бөлшектерді сатып алуына, уақытында жаңартуына кері әсерін тигізеді. Осы ретте, тасымалдаушылар жолаушының жол ақысын уақытында төлеу міндетін тұрғындарға қатаң ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасын табатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<