Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалған жағдайлары да болды. Осы орайда, ҚазАқпарат «Эйр Астана» компаниясына сілтеме жасай отырып, әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлайды.
Егер рейстің кешігу уақыты 2 сағаттан асса, онда:
– 2 рет қоңырау жасалады немесе электронды пошта арқылы 2 хат жолданады;
– сусын беріледі.
Ал егер ұшақты 6 сағаттан астам күтуге мәжбүр болсаңыз:
– күндіз әр 6 сағат сайын, түнде әр 8 сағат сайын ыстық тамақ беріледі. Түнде 6 сағаттан және күндіз 8 сағаттан асса:
– Қонақ үйге орналастырады.
– Қонақ үйге дейін және кейін трансфер ұйымдастырылады. «Әуекомпания себебінен кешіккен әр сағат үшін сегмент құнының 3%-ы көлемінде өтемақы төленуі керек.
Өтемақы алу үшін help.airastana.com сайтында өтініш білдіру қажет»,
– деп мәлімдеді компаниядан.
Айта кетсек, бұған дейін Комитет бірнеше әуе рейсінің бір тәулікке дейін кешігу себебін түсіндірді. Рейсі кешіккен әуе компанияларының жолаушыларға төлейтін айыппұлы ұлғайтылатыны хабарланды.
Еуропаға жаңа бағыттар ашылып, халықаралық рейс саны аптасына 433-ке жетеді. «Алматы – Милан» бағытында аптасына екі рет авиарейс қатынайды.
Сондай-ақ, шілде айынан Қазақстан мен Германия арасындағы авиа рейстер артады. Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің туризмді дамыту мақсатындағы «Tax Free» пилоттық жобасы тағы бір жылға созылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<