Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты.
8 қазанда сағат 02.45-те полицияға Жамбыл облысындағы «Бурный-Сұрым» өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғысында өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды.
«Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патруль нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті», – делінген хабарламада.
Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<