«Жолда қабылдау» акциясы өтеді

305

0

«Жолда қабылдау» акциясы өтеді 5-6 сәуір күні еліміздің барлық өңірлерінде ішкі істер органдарының басшылық қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясы аясында азаматтарды қабылдайды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Халықпен кері байланысты және полиция бөлімшелері басшыларының еліміздің бүкіл өңірлерінің азаматтарымен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін 5-6 сәуір күндері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін болады. Еліміздің бүкіл өңірінде, қалалары мен аудан орталықтарында полиция департаменттерінің әкімшілік полицияның, жергілік және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды», – делінген таратылған хабарламада.
 Ведомство мәліметінше, бүкіл республикада азаматтарды қабылдауға арналған шамамен 250 ұтқыр бекет жұмыс істейтін болады. «Жолда қабылдау» акциясы өтетін орындар мен азаматтарды қабылдауға арналған ұтқыр бекеттердің қай қалада және қай жерде орналасқанын Ішкі істер министрлігінің порталынан сонымен қатар полиция департаменттерінің порталдарынан, әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<