Елбасы биылғы Жолдауында көлеңкелі экономикамен күрес мәселесіне үлкен көңіл бөлген, деп хабарлайды «Хабар24». Оның сөзінше, салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын. Сондай-ақ негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет.
www.24.kz





