Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ бірқатар қосымша мәселелер қаралды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялаған болатын. Құжаттағы басым бағыттарды уақытылы және сапалы орындау үшін Үкімет пен өңірлерде нақты іс-шаралар қолға алынды. Біздің міндетіміз – Жолдауда көрсетілген бағдарларды негізге алып, тиімді шешім қабылдап, нәтижелі жұмыс жүргізу. Осы бағытта нақты міндеттер айқындалды, нәтижелі жұмыс жасауымыз керек», – деді А.Ибраимов.
Жолдаудан туындайтын міндеттерді мерзімінде әрі сапалы іске асыру бойынша нақты шаралар белгіленді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталған мәселе бойынша ауданда қолға алынған жұмыстарды жүйелі жалғастырып, жол-көлік оқиғасын азайту бағытында нақты шаралар қабылдау міндеттелді.
Жиын қорытындысында қаралған мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің салалар бойынша жауапты орынбасарларына жүктелді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






