«Жосалы тәттілері»

765

0

Қазіргі таңда кәсіп жүргізудегі әлеуметтік желідегі маркетингтің маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Тұрғындардың отандық тауарларға деген қызығушылығын арттырып, тұрақты тұтынушыларының қатарын көбейтуге кәсіпкерлердің үлесі зор. Бұл істе «Жосалы тәттілері» өнімдерін шығарып отырған Самал Биғалиқызыныңда еңбегін айта кетсек болады.

Бұрыннан да тұрғындардың тапсырысына орай үйден әртүрлі кондитерлік өнімдер дайындайтын Самал ауданның бірнеше дүкендеріне өнімдерін қоюда. Тұтынушының талғамынан шығатын тәтті өнімдер сөреде самсап тұр.

Бүгінгі күнде, күніне 100 данаға дейін тәтті нан, кекс, түрлі торттар шығаруда. Болашақта кондитерлік цех ашу жоспарында бар екендігін жеткізді Самал Биғалиқызы.

Қармақшы ауданының кәсіпкерлік саласы күн өткен сайын артып, кәсіпкерлер саны өсіп отырған тұста нан өнімдерін шығаратын кәсіпкерлердің көп болуы, халық көңілінен шыға білуі осы салада бәсеке туғызып қана қоймай, нан бағасын тұрақтандыруға да үлес қосары сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<