Жойқын жарылыс болды

228

0

  Қостанай қаласындағы Лермонтов көшесінің бойында орналасқан екіқабатты техникалық байқау станциясында табиғи газ құрылғысы жарылды. Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан. 
Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне оқиға орнында көмек көрсетілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ бен электр сымдары ағытылды. Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де толығымен сөндірді.  Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<