ЖҮРЕГІ ӘН САЛҒАН ӘЛИЯ

258

0

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлия Арысбайқызының туғанына 70 жыл толуына орай «Жүрегі ән салған Әлия» атты еске алу кеші болып өтті.
Ең әуелі қаламыздағы Әйтеке би көшесі №26 үй жанынан ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Әлия Арысбайқызы өзінің 40 жылдық өнер жолында талай рөлдерді сомдап, өнердің биік белесін бағындырды. Ол М.Әуезовт3ң «Айман-Шолпанында» – Айманды, «Еңлік-Кебегінде» – Еңлікті, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Ақтоқтыны, И.Байзақовтың «Ақбөпесінде» – Ақбөпені, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында – Майраны сыршылдықпен бейнелеп, көрермен көзайымына айналды.
Сондай-ақ, В.Шекспирдің «Король Лирінде» – Корделия, В.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында» – Луиза, А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үш қызында» – Маша, И.Друцэнің «Ең киелі қасиетіндегі» – Мария – Әлия Арысбайқызының үлкен сахна суреткері екенін дәлелдейтін шоқтығы биік тұлғалар. Қайталанбас тұлғаларды сахнада сомдаумен қатар ән салғанды ұнататын сыршыл да талғампаз өнер иесін еске алу кешінде әріптестері ол сомдаған қойылымдардан үзінді қойып, ол айтқан әндерді орындады.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<