Жәрмеңке арзан бағамен ұйымдастырылды

317

0

Өткен сенбіде Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені Арал, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдіктері Тасбөгет кентінде, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдіктері Титов қыстағында ұйымдастырды. Жергілікті тауар өндірушілер қала тұрғындарына 250 тонна өнімді нарық бағасынан 10-15 процент төмен бағада ұсынды.

Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорының өнімі де халыққа төмен бағамен ұсынылды. Атап айтқанда, картоп 30, сәбіз 35, бірінші сұрыпты ұн 82, қарақұмық жармасы 115, қант 235 теңгеден сатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<