Жүк автокөлігінің кабинасы өртенді

314

0

Ағымдағы жылғы 16 қаңтар күні сағат 9-дан 14 минут өткен шамасында Өртке қарсы қызметіне Қызылорда қаласы, С.Торайғыров көшесі №273 мекенжайда жүк автокөлігі өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен 10 қызметкер 2 техникасымен өрт оқиғасы орнына жолданды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде «Байдалиев» ЖШС мекемесінің ауласының сыртында Украина мемлекетінен келген DAF маркалы жүк автокөлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып, тіркемесіне таралу қаупі бары анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі нақты іс-қимылының арқасында өрттің жүк көлігінің тіркемесіне таралуына жол берілмеді. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Аталмыш өрт сағат 9-дан 23 минут өткенде оқшауланып, сағат 9-дан 32 минут өткенде толық сөндірілді.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<