фото: ашық дереккөзден
Кеше түсте Жамбыл облысынан Қызылордаға бағыт алған жанар-жағар май тасушы жүк көлігі аударылып, салдарынан толығымен жанып кетті.
– Сағат 15-00-де Шиелі ауданы, «Самара-Шымкент» тас жолының 386 шақырымында, 17 разъезд тұсында Жамбыл облысынан Қызылорда қаласына бағыт алған жанар-жағар май тасушы жүк көлігі аударылып, салдарынан толығымен жанды. Көлік жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпейді. Жану оқиғасы сағат 16-дан 12 минут кеткенде оқшауланып, сағат 16-дан 20 минут өткенде толық сөндірілді. Оқиға орнына №16 Өрт сөндіру бекетінен 4 қызметкер және 1 бірлік техника, Тартоғай ауылы Ерікті өртке қарсы құрылымынан 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды, –делінген хабарламада.
Осы оқиғаны трассада көрген жолаушылар мен көлік жүргізушілері өрт сөндірушілерге алғыс білдірген аудио-видео жазбаларын әлеуметтік желіде таратты.
Қызылорда облысы ТЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<