Жүрекке пайдалы өнім түрі анықталды

1576

0

Ғалымдар жүрек жұмысына жағымды әсер ететін өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Lavanguardia порталында жазылыпты.
АҚШ-тың Гарвардтың қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің медицина ғылымдарының докторы Марта Гуаш Ферренің сөзінше, грек жаңғақтары жүректің қызметін жақсартады екен.
Сарапшы басқа жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағында альфа-линолен қышқылы көбірек болатынын айтады.


«Бірқатар зерттеулердің нәтижесінде грек жаңғақтары жүректі аурулардан сақтайтыны анықталды», -дейді маман.
Бұған қоса Ферре өнімнің қабынуға және улануға қарсы қасиетін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<